Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
Giresun °C

Қазақстан мен Түрікменстан президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Қазақстан мен Түрікменстан президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
REKLAM ALANI
15.10.2022
A+
A-

 

 

 

Жаңалықтар

Ақорда

Қазақстан мен Түрікменстан президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

2022 жылғы 15 қазан

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен алғаш рет келген Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен келіссөз жүргізді.

 

Кездесу алдында Түрікменстан Президентін «Ақорда» резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Құрмет Қарауылының бастығы екі ел басшысына рапорт беріп, Қазақстан мен Түрікменстанның мемлекеттік әнұрандары орындалды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды. Бұдан соң екі ел басшылары Шығыс залында шағын құрамда кездесті.

 

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентіне ілтипат білдіріп, екі елдің халқын тарихи және туыстық қатынастар байланыстыратынын атап өтіп, қазақ-түрікмен ынтымақтастығын одан әрі дамыту үшін мұның мәні зор екенін жеткізді.

– Түрікменстан – Қазақстан үшін бауырлас мемлекет. Біздің тарихымыз бен шекарамыз ортақ. Бізді мәдени-гуманитарлық салалар және экономикалық мүдде секілді көп бағыттар байланыстырады, – деді Президент.

 

Келіссөз барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады. Сауда-экономикалық қарым-қатынастарды кеңейтуге, соның ішінде энергетика, көлік және логистика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салаларына ерекше назар аударылды.

Өз кезегінде Сердар Бердімұхамедов Қасым-Жомарт Тоқаевқа елімізге сапармен келуге шақырғаны және қазақ жерінде қонақжайлық көрсеткені үшін алғыс айтты.

– Бұл – менің Қазақстан Республикасына алғашқы мемлекеттік сапарым. Біз бұл сапарды елдеріміздің арасындағы екіжақты байланыстарды дамытудың маңызды кезеңі ретінде қарастырамыз, – деді Түрікменстан Президенті.

Сондай-ақ ол биыл дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толғанын атап өтті.

– Осы жылдарда екі ел арасындағы қатынастар кең ауқымды бағыттар бойынша табысты дамыды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сізді аталған маңызды датамен құттықтағым келеді, – деді Сердар Бердімұхамедов.

Түрікменстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түрікменстанның Милли Генгеші Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтің сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/kazakstan-men-turikmenstan-prezidentteri-shagyn-kuramda-kelissoz-zhurgizdi-1592717

 

 

 

REKLAM ALANI